Қазақ және жапон мақал-мәтелдерінің өзара ұқсастығы қайран қалдырады. Ұлттық дәстүрін ерекше ұлықтайтын жапондықтардың қазақтармен бір тамырластығы бар ма дерсіз.
Жапон мақалы: Қазақ мақалы:
1. Дән егілмесе, 1. Екпей егін шықпас,
Өнім де жоқ. Үйренбей білім жұқпас.
2. Түйіршіктен тау тұрады. 2. Тамшыдан теңіз құралады.
3. Аспан білгенді жер біледі, 3. Ел құлағы елу.
Жер білгенді ел біледі.
4. Тиынды үнемдеймін деп, 4. Көп жұмысқа қиналсан,
Теңгеден айрылды. Машақатқа тап боларсын.
Азға қанағат етпесең,
Оған да зар боларсын.
5. Бір қырсық, келесі пәлеге 5. Жау жағадан алғанда,
жол ашады. Бөрі етектен тартады.
6. Оқыған – олжаға батар. 6. Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғәріп.
7. Мысыққа кепкен балықты 7. Қасқырға қой баққызғандай.
күзетіп отыр дегендей.
8. Кеше тасыған, 8. Тасыған төгілер.
Бүгін басылған.
9. Әке қандай болса, 9. Әкеге қарап, ұл өсер,
Бала да сондай. Шешеге қарап, қыз өсер.
10. Жайын балық тоған 10. Алмас кездік қап
Түбінде көп жатпас. Түбінде жатпас.
11. Көп сөйлеген 11. Ойнап сөйлесең де,
Көп ұялар. Ойлап сөйле.
12. Қисық бұтақтың 12.Қалып қандай болса,
Көлеңкесі де көлбеу. Кірпіш те сондай.
13. Талқылағаннан, дәлелдеген 13. Мың рет естігеннен,
Артық. Бір рет көрген артық.
14.Жұмыртқаны да шаршы 14. Қалауын тапса, қар
етіп кесуге болады. жанар.
15. Жүзіп жүрсен кемеде, 15. Бастаған істі тастама.
Түсемін деп сөйлеме.
16. Жүзе білмес суға батар. 16. Әлін білмеген әлек.
17. Алмас егемесе, жарқырамас. 17. Балақ түрілмей,
Балақ тұтылмас.
18. Жалғыз қарлығаш 18. Жалғыз ағаш орман емес,
жаз емес. Жалғыз кірпіш қорған емес.
19. Құт қонақ та үшінші күні 19. Шыдамның да шегі бар.
жалықтырады.
20. Ұмтылған мұратына жетер. 20. Талапты ерге нұр жауар,
Талаптанған жол табар.
21. Дарақылық – ұятқа қалдырар, 21. Ұлық болсан,
Кішіпейілділік – құрметке жеткізер. Кішік бол.
22. Майысқақ сабақты жел де 22. Ақылдасқан адам қашан да
сындыра алмайды. жеңіске жетеді.
Әлия ӘУЕСБЕКОВА,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің
«Агрономия,агрохимия және өсімдік қорғау» факультетінің
2-курс студенті, «Жас қаламгер» ұйымының мүшесі