Мемлекет қаражатын офшорға аударған топтың ісі неге жабылды

3397
Adyrna.kz Telegram
Сурет : ua.news
Хат иесі осы деректерге әділ тексеру жүргізу қажет деп санайды.
2019 жылдың 31 қазанында азамат Жолымбет Мәкішевтен өтініш хат алдым, дейді желіде Зәуреш Батталова.

Зәуреш Батталова өз постында "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мониторинг қызметінің мүшесі ретінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты мына істі бақылауға алып, оның ашылуына жан-жақты ықпал етуіңізді сұраймын" деген хат иесі мынадай деректерді келтіреді дейді:

"Greentel Central Asia" компаниясы (директоры Шевцов Николай Михайлович) аса ірі көлемдегі қаражатты офшорға аударып жіберген. Осы іс бойынша көп айдан бері тексеру жүріп жатса да, мені тексеру нәтижелері алаңдатып отыр. Менің деректеріме сай, Алматы салық комитетінің "Марлен" есімді бұрынғы қызметкері Алмалы аудандық салық комитетін тексеруге кедергі жасаған. Ақыры іс жабылған. Мемлекетке аса ірі материалдық шығын келтірген бұл істің жабылуына басқа да шенеуніктердің қатысы бар.
"Greentel Central Asia" ЖШС-і 2015 - 2018 жылдар аралығында белсенді болған. Сол кезеңде Салдузи Э.Э. мырза елден офшор аймақтарына (Британиялық Виргин аралдары (BVI), Кипр, Латвия, Гибралтар, Мальта, Лихтенштейн, Эстония, Дубай) 40 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын аударып жіберген. Мұны "Вялвин", "Led Technology", "Tulpar Construction", "Globex.kz", "United Paints Industries" және т.б. "біркүндік компаниялар " компаниялар арқылы жасаған. Ол компаниялардың кейбіреуі бүгінде жоқ, жабылып қалған. "Greentel Central Asia" ЖШС-і негізгі операцияларды "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ және "Bank RBK" АҚ-да ашылған шоттар арқылы жүргізген".

Хат иесі осы деректерге әділ тексеру жүргізу қажет деп санайды.

zakon.kz

Пікірлер