Қазақстандағы 2-3 музейді әлемдік деңгейге шығару керек

2497
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық 2-3 музейді әлемдік деңгейге шығару керек. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында т.ғ.д., профессор, «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК директоры Ханкелді Әбжанов мәлім етті.

«Елімізде музейлер аз емес, 300-дей музей бар. Енді осылардың кем дегенде 2-3-ін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек. Мәселен, танымал «Лувр», «Эрмитаж» секілді. Ал бұл деңгейге жету үшін біздің әлемдік деңгейге көтерілетін музейдің өзіндік бренді болуы қажет. Атап айтқанда, бұл тұрғыда «Алтын адамды» немесе Берелден табылған жәдігерлер, Сарайшықтан шыққан дүниелерді негізге алу керек. Осындай әлем сүйсінетін, дүниежүзінен адамдар арнайы келіп қарайтын бренд керек», - деді ғалым.

Осы орайда Х. Әбжанов Қазақстан аумығынан көптеген құнды жәдігерлер табылғанын айта келе, осыларды үлкен музейлердің брендіне айналдыруға ерекше мән беру керек екенін жеткізді.

«Есіктен табылған «Алтын адамды» музейдің брендіне айналдыру қажет. Қазіргі кезде қай музейге барсаң да «Алтын адам» (көшірмесі) тұр. Негізі осы құнды жәдігерлерді біз музейдің брендіне айналдырсақ, әлемдік деңгейдегі кем дегенде 2-3 музейді құра алар едік», - деді профессор.

Сонымен қатар ғалым тарихи-мәдени қорық-музейлердің аумақтық тұтастығын сақтауға ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.


KAZMUSEUM.KZ

Пікірлер