Алматыдағы жанармай бекетіне көлік соғылып, екі адам жарақат алды

1170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-47-960x500.jpg?token=76e067a06c9fe4971b77fae5ecfca5df

3 маусым күні таңертең Алматы қаласының Алатау ауданының шетінде орналасқан Райымбек даңғылы бойында екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Екі көлік те батыс бағытта қозғалған. Бір көліктің жүргізушісі әйел болған. Ол ортаңғы жолақпен келе жатып, Алматы шетінде орналасқан жанармай құю бекетіне бұрылмақ болған.

Сол сәтте оның оң жағымен қатарлас екінші көлік келе жатқан. Оның жүргізушісі бұл маневрді күтпеген, соқтығысудан қашуға тырысқанымен, әйел адам бұрылуын жалғастырған. Нәтижесінде екі көлік соқтығысып,  жанармай бекетіне кіріп кеткен. Жолында тұрған жанармай колонкасын соғып, орнынан жұлып кеткен. Көлік бекеттің тіреуішіне соғылып, сол жерде тоқтаған.

Жанармай бекеті қызметкерлері көлікті ұнтақты өрт сөндіргішпен бүркеп, өрттің алдын алған.

Қазір жанармай бекетінің басшысы шығынды есептеуде. Бекетке келген зақымға байланысты, қазіргі уақытта жұмыс істемейді.

Жол апаты салдарынан екі адам  зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің бірнеше сүйегі сынған. Куәгерлердің айтуынша, олар алдыңғы әйнек арқылы ұшып кеткен.

Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер