SpaceX компаниясы жаңа рекорд орнатты

2346
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/0c79e225-90ed-4ced-b1df-237ad9f7a4ba-960x500.jpeg?token=01d2ae9db4edbbea6a179d4d764f6202
Мамыр айында америкалық SpaceX компаниясы бір ай ішінде 17 зымыран ұшырып, айлық ұшыру саны бойынша рекорд жаңартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Компания басшысы Илон Маск бұл көрсеткіш үшін команданы ресми түрде құттықтады.
«SpaceX командасын мамыр айындағы 17 ұшырылыммен құттықтаймын. Бұл екі күнге бір зымыраннан да жиі!» — деп жазды Илон Маск.
28 мамыр күні орын алған Starship жүйесінің сынақтық ұшуы болды. Starship — Super Heavy үдеткіші мен Ship атты жоғарғы сатыдан тұратын ауыр зымыран. Ол Техастағы Starbase алаңынан сәтті ұшырылғанымен, кейін басқару жүйесінде ақау туындап, ұшу сәтсіз аяқталды. Дегенмен, SpaceX-тің басты тасымалдаушысы болып саналатын Falcon 9 зымыраны компанияның негізгі жетістігін қамтамасыз етті. Мамыр айындағы ұшырылымдардың көпшілігі осы зымыранмен жүзеге асырылды. Оның көмегімен жүздеген Starlink спутниктері орбитаға шығарылды. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, келесі Starship сынағы 2025 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
Пікірлер