Илон Масктың анасы Алматының табиғатына тәнті болды

1125
Adyrna.kz Telegram
Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform
Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

Илон Масктің анасы Мэй Маск Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумында Қазақстаннан алған әсері туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Масктің анасы Мэй Маскті Орталық Азия әйелдерінің форумында сөз сөйлейді. Оны қатысушылар зор қошеметпен қарсы алған.

Канадалық-оңтүстік африкалық модель,үш баланың анасы Мэй Маск Қазақстанға келгеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

«Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, саяхат жасағанды ұнатамын. Әлемнің бірталай елінде болдым. Бірақ, Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Осында келгеніме өте қуаныштымын. Мен Қазақстан және Алматы туралы көбірек білгім келді, кеше әсем қалада шағын экскурсия жасадық. Бәрі керемет»,- деді ол.

Сонымен қатар, ол қазақтың керемет салт-дәстүрі туралы да сөз қозғады.

«Кеше мен кішкентай қыздың тұсауын кестім. Керемет дәстүр екен. Маған мынандай ұлттық нақыштағы сақина сыйлады. Кешелі бері тастамай тағып жүрмін», - деді ол.

Бұдан бөлек, Мэй Маск алматылықтарға денсаулық, дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу бойынша тәжірбиесімен бөлісті.

Айта кетейік, кеше Илон Масктың анасы Алматыға келгені туралы хабарлаған едік.

Пікірлер