Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына тағы бір зымыран ұшырылады

57
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RrkNW7OBBAdiXuheKj3D9thQZbwV37OYlnmIKrlF.jpg

14 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 19:48-де Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына бағытталған «Союз МС-29» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, негізгі экипаж құрамына ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон енген.

Ғарыш кемесінің командирі болып Петр Дубров тағайындалды. БАҚ дерегінше, бұл оның ғарышқа екінші рет ұшуы. Алғашқы экспедициясында ол орбитада 355 тәуліктен астам уақыт болып, ашық ғарышқа төрт рет шыққан. Анна Кикина да Халықаралық ғарыш станциясына екінші рет аттанады. Ол 2022 жылы Crew-5 миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен ғарышқа ұшқан.

Ал NASA ғарышкері Анил Менон үшін бұл алғашқы ғарыш сапары болмақ.

«Союз МС-29» экипажы Халықаралық ғарыш станциясында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жоспарланған бірқатар миссияларды орындайды.

Пікірлер