Құлсарыдағы жарылыстан қаза тапқандардың кім екені анықталды

1794
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/973dbb43-29ce-4f84-87cb-1642113cce74-960x500.jpeg?token=2d00b6623163a8ec4c0cef4a1b87bd75
Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жойқын жарылыстан қаза тапқан екі адам – ерлі-зайыпты екені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиға кезінде 43 жастағы Беркін Ибетов цистерна ішінде жұмыс істеп жатқан. Ал оның 40 жастағы жұбайы Мейрамгүл Сарбасова жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де алған ауыр жарақаттарынан сол жерде көз жұмған. Марқұмдардың артында балалары қалып отыр. Қазір жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары олардың отбасына қолдау көрсетіп, көңіл айтып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кеше кешкі сағат 21:47-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер саны 14 адамға жеткені хабарланған еді. Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері анықталып жатыр.
Пікірлер