ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ: Қалмақстанда Желтоқсан оқиғасы қайталанып келеді

10504
Adyrna.kz Telegram

Қалмақтардың  өзінің Желтоқсан көтерілісіндей оқиғасы бар

Қалмақстан ұлтшылдары өз астанасына  жаңа мэрды Мәскеу тағайындағанына қарсылық білдіруде. Жаңа қалмақ астанасын Трапезников басқармақ. Трапезников бөтен  адам деп, қалмақ емес деп меңзейді. Трапезников Ресей миссиясын Донбаста орындаған. Бүгінгі күні қалмақтардың Қалмақстанда үлесі 65%.

Қалмақтар неге Мәскеу шешіміне қарсы бас көтерді?

Қалмақ жуас халық деп есептелді. Кезінде жаугерші халық болған қалмақтар, кейін Ресей боданына айналып, жуаси берді. Кеңес дәуірінде қалмақтарды ашаршылық жасап қырды, жалған жала жауып Сібірге депортация жасады. "Хрущев жылымығы" кезінде қалмақтар, шешендер, ингуштер ,т.б. депортацияны кешкен ұлттар реабилитациядан өтті. Сөйтіп олар кешірім алып, өз құқықтарын қалпына келтірді деп есептелді.   Бүгінгі күні Ресей мен орыс халқы өзін бірегей мәңгілік империя сезінеді. Сонымен бірге Ресейдің аз санды ұлттары тез өсіп келеді.  Олар- шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ және басқа этностар көркейіп келеді. Мәселен, шешендер Ресейдің субъектісі , яғни боданы болса да, мейілінше егемендікке жетуде.  Сонымен бірге олар Ресей бюджетінен қомақты қаржы алып тұр.

Жылдар Қалмақтар абс. саны (үлес салмағы) Орыстар абс. саны (үлес салмағы)
1926 жылы 107,0 (75,8 %) 15,2 (10,7 %)
1939 жылы 107,3 (48,6 %) 100,8 (45,7 %)
1959 жылы 64,9 (35,1 %) 103,3 (55,9 %)
1970 жылы 110,3 (41,1 %) 122,8 (45,8 %)
1979 жылы  122,2 (41,5 %) 125,5 (42,6 %)
1989 жылы 146,3 (45,4 %) 121,5 (37,7 %)
2002 жылы 155,9 (53,3 %) 98,1 (33,6 %)
2010 жылы 162,7 (57,4 %) 85,7 (30,2 %)


1926 - 2010 жылдары   қалмақтар саны 107,0 мыңнан   162,7 мыңға өсіп көтерілді, бірақ алдымен олардың саны қысқарған болатын: 1926 -  1959 жылдары мөлшері 40 мыңға. Ұжымдастыру кезеңінде қалмақта да ашаршылық болды және Ұлы отан соғысында Қалмақстанда қырғын шайқастардың бірі Сталинград шайқасына байланысты болды.  Бірақ соғыстан кейінгі кезде қалмақтың жайы депортацияға байланысты аса ауыр болды. 1955 жылдан бастап қалмақтың жағдайы оңалып , саны тез өсе бастады. Қалмақстанның орыстар саны қалмақ азайса да көтеріле берді. Мәселен,  1970 жылы,  110,3 мыңға дейін көтерілді де, кейіннен қалмақтар саны одан ары өсті: 2010 жылы-  162,7 мың адамға жетті.

Сонымен Қалмақстандағы орыстар саны алдымен орыс жұртшылығын көшіріп әкелу есебінен өсті :1926- 1939 жылы 15,2 мыңнан 100,8 мыңға дейін. Соғыстан кейін орыстар саны тағы өсті- мөлшері 23%.  Қалмақтың тез өсуі , орыстардың көшіп кетуіне себеп болғандай. 1989 жылдан бастап Қалмақстанда орыстар саны  көп азайды, орыстар ішкі Ресейге көше берді. Сонымен қалмақтар саны қатты азайғаннан кейін қайтадан қалпына келіп, тез өсіп келеді. Википедиядағы деректерде қалмақтар саны мен үлесі өз республикасында өсіп келеді. Қалмақтар ана тілінен айырылған халыққа ұқсайды -  яғни орыстандыру терең жүзеге асқан. Бірақ олар рух егемендігін сақтағанға ұқсайды, көптеген буддистік храмдарды орнатып, жаңғыртты.  Сонымен Ресейдің аз санды ұлттарының саны мен сапасы өсіп, олардың төл республикалары да күшейді.  Болашақта осы республикалар мен аталған ұлыстар толыққанды ұлтқа айналып , олар енді егемендікке ұмтылуы да ықтимал.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер