Ресей мұнайының бағасы төмендеді

732
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің экспортқа шығаратын негізгі мұнай сорты – Urals – сәуірдің алғашқы күндерінде бірден 14-16 пайызға арзандап, 2023 жылдың маусымынан бері ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеп.

Сарапшылардың айтуынша, Urals бағасы бірнеше күн ішінде 10 долларға төмендеп, мұнай нарығындағы тұрақсыздықты көрсетті. Қазір бұл сорттағы мұнай бұрын-соңды болмаған қысымға тап болуда.

Нарықтағы қысымның негізгі себептері бірнешеу екені айтылған. АҚШ енгізген жаңа сауда баж салығы, Ресей мұнайына бағытталған. Қытайдың жауап шаралары, оның ішінде импортты шектеу мен ОПЕК+ күтпеген шешімі – мұнай өндіру көлемін болжанғаннан көбірек арттыру. Бұл факторлар нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті бұзып, мұнай бағасының бірден құлдырауына әсер етті.

7 сәуірде әлемдік эталон болып саналатын Brent маркалы мұнай бағасы 63 доллардан төмендеді – бұл көрсеткіш соңғы рет 2021 жылдың сәуірінде тіркелген болатын.

Бұл жағдай тек Ресей экономикасына ғана емес, сонымен бірге мұнай экспорттаушы өзге елдердің де бюджеттік жоспарларына әсер етуі мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер