Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 7 сәуірде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін»,—деді әкім.
Айта кетейік, Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған болатын. Ал 2018-2024 жылдар аралығында Өскемен қаласының әкімі болды.