Дональд Трамп америкалық мұсылмандар үшін ауызашар ұйымдастырды

785
Adyrna.kz Telegram
Фото: ntv.ru
Фото: ntv.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық мұсылман қауымының өкілдері мен бірнеше мұсылман елдерінің дипломаттары үшін ауызашар өткізді. Бұл – оның екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы шарасы, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Трамп мұсылман қауымына алғыс айтты
Президент өз сөзін “Рамазан айы құтты болсын” деп бастап, 2024 жылғы қарашадағы президенттік сайлауда мұсылмандар тарапынан көрсетілген қолдауға ерекше ризашылығын білдірді.

“Мен 2024 жылғы президенттік сайлауда рекордтық қолдау көрсеткен жүздеген мың мұсылман американдықтарға ерекше алғыс айтқым келеді”, – деді Трамп.

Ауызашарға Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ, Катар, Ливан, Пәкістан және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Президент Трамп мұсылман елдерімен әріптестікті нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Шараға жиналған қонақтар АҚШ-тағы мұсылмандардың қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, Рамазан айында ұйымдастырылған бұл кездесу мәдени және діни диалогты дамытуға оң ықпал ететінін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер