Қазақстанда ұсталған саясаткер босатылды

1101
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

18 наурызда Қазақстанда Ресейдің сұранысы бойынша Грузия саясаткері Леван Варшаломидзе ұсталған. Ол қазір Қазақстаннан босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталу.

Ол 2004-2012 жылдары Аджария үкіметінің төрағасы қызметін атқарған және осы кезеңде өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығы арта түскен. Варшаломидзе Атырау әуежайында ұсталды. Ол Стамбұлдан Украинаға бара жатқан кезде Қазақстан арқылы транзитпен өтпек болған.

Ресей билігі оған «Украина билігіне саяси кеңес беру қызметі» бойынша қылмыстық іс қозғаған. Грузияның «Ұлттық қозғалыс» партиясының өкілі Леван Бежашвили бұл жағдайды заңсыз деп атап, Украина мен Қазақстан билігімен дұрыс коммуникация орнату қажеттігін мәлімдеген.

Алайда, 20 наурызда бұрынғы Тбилиси мэрі Гиги Угулава YouTube арнасында берген сұхбатында бұл мәселені көтеріп, халықаралық деңгейде талқылағаннан кейін, 21 наурызда Варшаломидзе бостандыққа шыққаны белгілі болды. Ол 20 наурызда Амстердамға ұшып кеткен. Оның босатылуына Украина үкіметі ықпал еткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер