Атырауда Саакашвилидің серігі ұсталды

353
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Қазақстанда Грузияның танымал саясаткері, Аджария автономиялық республикасының бұрынғы үкімет басшысы және «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының мүшесі Леван Варшаломидзе ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы IPN агенттігіне сілтеп.

Басылымның мәліметінше, Варшаломидзе Қазақстан шекарасынан әуежай арқылы өткен кезде қолға түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, оның ұсталуына Ресей Федерациясынан жіберілген сұраныс себеп болған. Бұл сұраныс саясаткердің Украина билігімен саяси кеңесшілік қызметіне байланысты қылмыстық іске қатысты.

Грузияның «Біртұтас ұлттық қозғалысы» партиясының жетекшілерінің бірі Леван Бежашвили Ресей тарапынан қозғалған істің негізсіз екенін мәлімдеді.

— Қазір Леван Варшаломидзенің экстрадициялану қаупі бар. Сондықтан біз Қазақстан және Украина үкіметтерімен байланыс орнатып, шынайы ақпарат беруге күш салып жатырмыз. Бұл қылмыстық іс саяси астармен қозғалғаны түсінікті. Сондықтан дұрыс шешім қабылдау үшін нақты коммуникация қажет, — деді Бежашвили.

ҚазТАГ агенттігі Варшаломидзенің ісі Атырау облыстық полиция департаментіне берілгенін анықтады. Журналистер департаменттің баспасөз қызметінен ресми түсініктеме күтіп отыр.

Леван Варшаломидзе – Михаил Саакашвилидің жақын серігі, 2004-2012 жылдары Аджария үкіметін басқарған және аймақта ауқымды реформалар жүргізіп, оны заманауи туристік орталыққа айналдырған. Ол 2003 жылғы «Раушан төңкерісінде» маңызды рөл атқарып, Аслан Абашидзенің режимін биліктен шеттетуге ықпал еткен.

2014 жылдан бастап Варшаломидзе Украина билігіне кеңесшілік жасап, басқару және инфрақұрылымдық реформаларға атсалысқан. Ол Михаил Саакашвили Одесса облысының губернаторы болған кезде бірге жұмыс істеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әкімшілік реформаларды дамытуға көмектесті.

Айта кетейік, 2014 жылы Ресей билігі Варшаломидзеге қарсы қылмыстық іс қозғап, оны Грузия мен Ресей арасындағы 2008 жылғы қақтығысқа байланысты сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Сарапшылар бұл айыптаулардың саяси астары бар деп есептейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер