АЙБАР ОЛЖАЕВ: Наурыз — біздің соңғы ұлттық қамалымыз

2024
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың ұлттық мерекесі, Тәңірден тілеген жаңа жылымыз - Наурыз мейрамы құтты болсын! Түске дейін аузымыз аққа толып үлгерсін, наурыз көже мол болсын.

Наурыз қазақтың болмысын, ішкі ұлттық діңгегін қорғай берсін. Қазірдің өзінде ол бізді радикализмнен қорғайтын ұлттық иммунитет құрып тастады. Наурыз, домбыра, қобыз, қымыз бен ет қатар тұрып, сырттан келген озбыр жауға қарсы тұруда.

Домбыра қылыштан да өткір қару екеніне көз жетті. Қос ішекті алмас қазаққа шапқан қара жамылған жаудың басын кесе білді, қазақтың соқыр діни нанымнан жоғары болуы тиіс ұлттық рухын қайта тірілтті.

Наурыз тек мейрам емес. Ол біздің соңғы ұлттық қамалымыз. Арымыз, ата-баба алдындағы аманатымыз. Осыны ұмытпайық.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер