Қазақстан ТМД елдері арасында “бақытты елдер” санатында көш бастады

626
Adyrna.kz Telegram
Фото gov.kz
Фото gov.kz

Қазақстан жыл сайын жарияланатын World Happiness Report рейтингінде 43-орынға ие болып, ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  24.kz-ке сілтеп.

Бұл тізімде Қазақстан Өзбекстаннан 10, Ресейден 13, Қырғызстаннан 32 орынға жоғары тұр. Былтыр еліміз 49-орында болған.

World Happiness Report рейтингі – Gallup, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Оксфорд университеті жүргізетін зерттеу. Бақыт индексі жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық, мемлекеттік институттарға сенім және азаматтардың өмірге қанағаттанушылығы негізінде есептеледі.

Соңғы жылдары Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 73-тен 75 жасқа дейін ұзарды, жалпы өлім-жітім 7,8%-ға, ана өлімі 26,3%-ға, нәресте өлімі 15,8%-ға төмендеді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысв Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметінің алты жылдығына арналған мақаласында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің екі есеге жуық өскенін атап өткен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер