«Сыбайлас жемқорлық жасады» деп айыпталған Мәсімовтің ісі жабық күйінде қалатын болды

1744
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі жабық күйінде қалады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Informburo.kz-тің сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2022 жылы экс-шенеунікке қатысты ҚР ҚК 218-бабы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)» және 366-бабы «Аса ірі көлемде пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрген еді.

Мәсімовтің жабық келісімшарт бойынша шет мемлекет өкілінен 2 млн АҚШ доллары сомасында пара алғаны анықталды. Бұл ақша Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылды. Одан бөлек, оның премьер-министр болған кезінде бизнес-құрылымның бірінен құны 2,5 млрд теңге болатын элиталық тұрғын үй мен жер телімін сатып алғаны айтылды.

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталғаннан кейін де бұл екі боп бойынша тергеу әрі қарай жалғасты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның ықтимал шетелдік активтерін іздестірді.

Кейінірек Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары сот үкіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірген болатын. Алайда сот оны қанағаттандырудан бас тартты. Десе де, Мәсімовке қатысты сыбайлас жемқорлық істері бойынша тергеу нәтижесі жарияланбады.

2025 жылдың 10 ақпанында Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания сыбайлас жемқорлық істерін тергеу барысында Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйді сатуға шығарды. Алайда зәулім сарайды сатып алушы табылмай, аукцион өтпеді. Кезекті сауда-саттық 28 наурызда ұйымдастырылмақ.

Informburo.kz Мәсімов ісінің қай сатыда екенін және бұрын одан тәркілгенген үй қандай негізде Қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілгенін анықтау үшін құзырлы органға сауал жолдады. 

«Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің аталған баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер бар екенін ескере отырып, өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды»,– делінген жауапта.

ҰҚК істің егжей-тегжейін білу үшін Бас прокуратураға хабарласуды ұсынған. Алайда Бас прокуратура ресми сауалды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қайтарып, сұрақтарды жауапсыз қалдырған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер