Мемлекетке 640 млн теңге залал келтірген компания басшысы 3 жылға сотталды

878
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Шымкент қаласында мемлекетке 640 млн теңге залал келтірген компания басшысы 3 жылға сотталды. Бұл туралы бүгін, 17 наурызда Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«A» ЖШС құрылыс компаниясы іс жүзінде жұмыстар орындамай, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактура жазған. Сонымен қатар компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген.

«Нәтижесінде мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірілді. Қала прокуратурасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, істі сотқа жолдады. 14 ақпандағы сот үкімімен «A» ЖШС-ның директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер