АҚШ-тағы торнадо. Қаза тапқандар саны артуда

456
Adyrna.kz Telegram
Фото: mk.ru
Фото: mk.ru

АҚШ-тың Миссури, Арканзас және Миссисипи штаттарында қатты дауыл мен торнадо орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Fox News сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, 20-ға жуық адам қаза тауып, көптеген тұрғын жарақат алған.

Табиғи апат алғаш жұма күні Арканзас пен Миссуриде басталып, кейін басқа аймақтарға тараған. Көптеген аудандарда тұрғын үйлер қирап, электр желілері үзілуде.

Луизиана, Миссисипи және Алабама штаттарында 50 000-нан астам тұтынушы жарықсыз қалды, кейбір өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар зардап шеккендер саны артуы мүмкін екенін айтады.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің зерттеулері кейбір торнадолардың жел жылдамдығы 265 км/сағ дейін жеткенін көрсетті.

Соңғы күндері АҚШ-та 30-дан астам торнадо тіркеліп, алты штатқа зиян келген. Губернаторлар аймақтарды қалпына келтіруге бірнеше ай қажет болатынын мәлімдеді.

Сарапшылардың болжамы бойынша, дауыл жексенбі кешінде басылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер