Абай облысының әкімі бірнеше шенеунікті жауапкершілікке тартуды тапсырды

468
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Абай облысының әкімі Берік Уәли жаңа мектептердің инфрақұрылымын тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін облыс әкімінің орынбасары, Семей қаласының әкімі, Бесқарағай ауданының әкімі және энергетика мен ТКШ басқармасының басшысын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы өңірлік әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық жиында белгілі болды.

Өңір басшысы мектептер, балабақшалар, ауруханалар салу және мәдениет пен денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту қажеттігін айтты. Биыл 6 мектеп, 9 балабақша, 3 аурухана және 2 емхана салу жоспарланған. Сонымен қатар, білім беру және медицина мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізіледі.

«Президент Үкіметпен бірлесіп, облыстың жедел дамуын және басты мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Бұл – біз үшін үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысының жаңа көпбейінді клиникалық аурухана құрылысын биыл бастауды тапсыруы, сондай-ақ Семейдегі Оқушылар сарайының құрылысын аяқтау үшін қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуі – өңір үшін аса маңызды», – деді Берік Уәли.

Ол Президент тапсырмаларының орындалуы қатаң бақылауда болатынын, ал қазіргі инфрақұрылымдық жұмыстарда бірқатар олқылықтар бар екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда «Комфортты мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірақ Астанаға желтоқсан айында 3 мектептің құрылысы аяқталды деген ақпарат берілді. Біздің облыс үшін 5 мектеп жеткіліксіз. Халқы саны ұқсас өңірлерде кемінде 7-9 мектеп салынуда. Ата-аналар мен оқушылар мектептердің ашылуын асыға күтіп отыр», – деді әкім.

Берік Уәли облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковқа, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовқа, Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаевқа және энергетика мен ТКШ басқармасының басшысы Жандос Қайырхановқа тәртіптік жаза қолдануды тапсырды.

«Білім саласындағы олқылықтар, мұғалімдер мен білім қызметкерлерінің жалақысын уақытылы төлемеу, балаларды тәрбиелеу бойынша алдын алу шараларының тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы үшін Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қызметінен босатылады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер