Астанада жүк көлігі қағып кеткен қыз бала көз жұмды

1118
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Астанада жүк көлігі қағып кеткен қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған. Жүргізуші жолдың рұқсат етілген бөлігінен өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Бейсекбаев көшесімен келе жатып, Кенесары көшесіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз бала рұқсат етілген жерде, жасыл жарық жанғанда жолды кесіп өткен. Алайда алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, жүргізушінің бұлтартпау шарасы қаралуда", – деп мәлімдеді Астана полициясы.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

"Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болуы тиіс. Ал ата-аналар балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, оларды қараусыз қалдырмауы қажет", – деп ескертті полиция департаменті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер