Астанада 5 баланың анасы жоғарғы қабаттан секіріп, көз жұмды

1819
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен. Оның көз жұмғанын денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Биыл 23 шілдеде  А. Бектұров, 3 мекен-жайы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. ЖМК бригадасының келуімен үйдің ауласынан қыздың мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жоғарғы қабаттардан құлаған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Көп балалы әйелдің құлағанын осыған дейін Астана қаласының полиция департаменті растаған болатын.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Пікірлер