"Алаш және дін". Жаңа деректі фильм көрерменге жол тартты

1434
Adyrna.kz Telegram

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күніне орай ORDA LIFE ютуб каналы  түсірген «алаш және дін» дерікті фильмінің тұсаукесері өтті.

Фильм Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің қолдауымен түсірілген.

Деректі фильмде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы еліміздегі діни ахуал сипатталады. 1905 жылғы әйгілі Қарқаралы петициясын да сөз бостандығы мен ана тілінде оқудан бөлек діни еркіндік проблемасы көтерілді.

Сондай-ақ Ресей сенаты 1868 жылы қазақтар арасында жандармериялық бақылау жасау үшін «указной молда» қызметін енгізді. Указной молдалардың іс-әрекеті дін адамдарына деген халықтың теріс пікірін қалыптастырды.

Бұдан бөлек қырым татарларының ағартушысы Исмайыл Гаспыралының жәдидизм ағымы кең қолдауға ие болды. Әйтсе де жәдиттік білім беру жүйесін мұсылмандардың бәрі бірдей тегіс қолдай кеткен жоқ. Әйгілі ағартушының реформасына ескілік ұстанымындағылар қарсы болды.

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің жарыққа шығуы еліміздегі діни пікір-таластың басылым беттеріне шығуына ықпал етті. Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ қайраткерлері сот ісін әдет-ғұрып жолымен жүргізейік десе, Бақытжан Қаратаевтың маңына топтасқандар шариғатты басшылыққа алады.

Сонымен қатар деректі фильмде әйел теңдігі, жеке мүфтилік құру және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мемлекет пен дін ісін неге бөлгені баяндалады.

Деректі фильмде тарихшы Мәмбет Қойгелді, әлихантанушы Сұлтан хан Аққұлұлы, алаштанушы Ғарифолла Әнес және дінтанушы Кеңшілік Тышқан спикер ретінде пікір білдіреді.

Фильмнің авторы және бас продюсері Серік Жолдасбай, продюсері Асхат Маемиров, қоюшы режиссері Нұрсұлтан Есенғали және бас редакторы Дәурен Дариябек.

«Біз неге Алаштың діни ұстанымын шығаруды жөн көрдік. Себебі соңғы кездері әртүрлі діни ағымдар Алашты өзіне тартып, қоғамды адастырып жатқаны көзі қарақты азаматтарға белгілі болса керек. Мысалы Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген қанатты сөзін «Иманнан» деп өзгертіп, Ұлт көсеміне ораза ұстатып қойды. Тіпті кейбіреулер «Алаштықтар дін үшін күрескен» деп исі қазақты адастыратын сөздер айта бастады. Ал шын мәнісінде Әлихан Бөкейхан қоғамның діншілденуіне түбегейлі қарсы болған. Ұлт көсемі діни фанатизмге неге қарсы болды? Тәуелсіздік алғаннан кейінгі билік секілді азаматтарды жаппай діншілдендіріп, «Бөліп алда билей бер» деген саясатты неге жүргізбеді? Себебі Алаш арысы қоғамның дінкештенуі мемлекеттің дамуы үшін қауіпті екенін жақсы түсінді. Сондықтан да ол қоғамның әсіре діншілденуіне қарсы тұрды», – дейді Серік Жолдасбай.

Сондай-ақ жоба авторы «Алаш және дін» деректі фильмінің шығуына көмектескен азаматтарға алғысын жеткізді.

«Ең бірінші осы фильмнің жарыққа шығуына бас демеуші болған Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университеніне алғысымды білдіремін. Маңызды жобаға мән беріп, қолдау көрсеткен университет басшылығына мыңда бір рахмет. Сондай-ақ деректі фильмде Асхат Маемиров басқаратын Астана қалалық музыкалық жас көрермен театрының актерларды ойнап, қолдау көрсетті. Жалпы осы жобаның жарыққа шығуына ағалық қамқорлық көрсеткен Асхат ағамызға мыңда бір рахмет айтамын. Сонымен қатар деректі фильмнің мазмұнды болып шығуына белгілі журналист Дәурен Дариябек Бас редактор ретінде үлкен үлес қосты. Ұлттық арнадағы «Тау тұлға», «Жарқын бейне» секілді ауқымды жобалардың редакторы болған бауырымның көмегі зор болды. Бұдан бөлек актерлармен жұмыс істеп, деректі фильмнің жарыққа шығуына Нұрсұлтан Есенғали режиссер ретінде үлес қосты.Енді осы деректі фильм дайын болғанда «Қайда көрсетеміз?» деген сұрақ туды. Кино театр қыруар қаржы сұрайды екен. Сосын Тұрсын Жұртбай ағамыз «Әлиханның баласы» деп айтатын Сұлтан Хан ағаға хабарласып, «Демеуші тауып беріңіз»деп қолқа салдым. Сұлтекең бірнеше адамға хабарласып, мән-жайды түсіндірді. Содан не керек, кино театрды жалға алуға «Ақ жол» партиясы көмектесті. Көрермендердің жайлы жерде деректі фильмді тамашалауға қолдау көрсеткеніңіз үшін Азат Тұрлыбекұлына алғыс білдіремін. Жалпы бұл деректі фильмнің жарыққа шығуына байланысты алғыс білдіретін азаматтар көп. Олардың барлығының атын атап, түсін түстеуге мүмкіндік болмай тұр. Барша азаматтарға Алғыс білдіремін», – деді ол.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Раскрыт способ в 55 лет выглядеть на 25! Морщины уйдут если...
Пікірлер