"Жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануы заңмен реттелуі керек"

839
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға және Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге тәуелділігі мәселесін көтерді.

Ол әлемдік тәжірибені мысалға келтіре отырып, әлеуметтік желілердің балаларға зиянды әсерін атап өтті. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, интернетке тәуелділік жастар арасында депрессияны күшейтіп, назар аудару қабілетін төмендетіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты әлсіретеді.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстанда балалардың 88%-ында жеке смартфон бар, ал олардың 28%-ы барлық бос уақытын гаджетте өткізеді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің 74%-ы TikTok, 59%-ы YouTube, 57%-ы Instagram желілерін белсенді қолданады. Ата-аналардың 62%-ы балалардың экран алдындағы уақытын бақыламайды, бұл олардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Әлемдік тәжірибеде бірқатар елдер жасөспірімдердің интернетке қолжетімділігін шектеуді заңнамалық деңгейде реттеген. Қытай 2023 жылы балалардың кешкі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін смартфон пайдалануға тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Франция 15 жасқа дейінгі оқушылардың мектептерде телефон пайдалануына шектеу қойды. Оңтүстік Корея мен Канадада интернетке тәуелді балаларды емдейтін арнайы сауықтыру орталықтары жұмыс істейді.

Осыған байланысты, депутат Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануын заңмен реттеуді ұсынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер