Баяғы бір Бородавкин. Ресей елшісінің әлдебір «жеңіс» жайлы айтқаны сыналды

4267
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Масленица мейрамын тойлауға жиналған астаналықтарға әлдебір «жеңіс» туралы айтқан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1945 жылғы жеңіс секілді, бәріміз жеңісті тағатсыздана күтіп жүрміз. Бәлкім, ол жағдай жақын арада орындалады»,—деді елші.

Бейнежазбаны әлеуметтік желіге журналист Рауль Упоров жариялады. Айтуынша, славяндардың дәстүрлі мейрамы елордадағы Успенск сборының аумағында өткізілген.

Алексей Бородавкиннің бұл мәлімдемесі қазнет қолданушыларының наразылығын тудырды.

«Іс-шара барысын бақылайтын полиция қайда?», «Елшіні үйіне қайтару керек!», «Әкімшілік жауапқа тартылуы керек»,—деп жазды олар.

Қолданушылардың бір тобы оны Сыртқы істер министрлігіне шақыртуды ұсынған. Әзірге министрлік ешқандай реакция білдірген жоқ. Әдетте мұндайда сыртқы саясат мекемесі елшіні шақыртып, наразылық нотасын табыс ететін.

Айта кетейік, Алексей Бородавкин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол - Қазақстанда ең ұзақ отырған елшілердің бірі.

2022 жылы елшінің Қазақстандағы орыс тіліне қатысты пікірі де көпшіліктің наразылығын тудырған еді.

«Әрбір қазақстандық екі аяғын нық басуы үшін екі тілді меңгеруі керек: мемлекеттік тіл – қазақ тілі және ресми тіл – орыс тілі. Бұл Қазақстан Конституциясында айтылған», - деген еді ол сол кезде «Россия сегодня» агенттігіне берген сұқбатында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер