Үш айдан кейін. Ауғанстанда жабылған телеарна қайта ашылды

1057
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Ауғанстанның насихат, ізгілік және теріс қылықтың алдын алу министрлігі үш айлық үзілістен кейін “Арзу ТВ” телеарнасына қайта хабар таратуға рұқсат берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ariana News-ке сілтеме жасап.

Кабулда орналасқан студия 2024 жылдың желтоқсанында жабылған. Министрліктің мәліметінше, телеарна ислам құндылықтарын насихаттау мақсатында және бұқаралық ақпарат құралдарының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін уақытша жабылған.

Телеарнаның жабылуы кезінде жеті қызметкер қамауға алынып, өндірістік жабдықтар тәркіленген. Кеңсе есігіне “әдепсіз сериалдарды көрсеткені үшін” телеарна жабылғаны туралы хабарлама ілінген.

Ауғанстан журналистика орталығының (AFJC) дерегінше, телеарна дари тіліне аударылған түрік сериалдарын көрсеткен.

Министрліктің баспасөз хатшысы Саиф Уль-Ислам Хайбердің айтуынша, “Ислам әмірлігі БАҚ-ты қолдауға және пікір білдіру бостандығын исламдық және ұлттық құндылықтар негізінде қамтамасыз етуге пейілді”.

Ауғанстанның тәуелсіз журналистер қауымдастығы телеарнаның жұмысын қайта бастау туралы шешімді қолдап, билікке еркін ақпарат құралдарын қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер