Зеленский Ақ үйдегі сәтсіз кездесуден кейін Ұлыбританияға аттанды

2149
Adyrna.kz Telegram
Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru

АҚШ-тағы Дональд Трамппен өткен сәтсіз кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияға сапар шекті. Ол мінген ұшақ Лондонның Станстед әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

RBC мәліметінше, Трамп пен Зеленский арасындағы кікілжіңнен кейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер екі ел президенттерімен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайды реттеуге тырысты.

2 наурызда Лондонда Еуропа елдерінің көшбасшылары Зеленскиймен кездеседі. Жиында Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігі мәселесі қаралады.

Еске сала кетсек, 28 ақпанда Ақ үйдегі кездесу барысында Трамп пен Зеленский арасында даулы пікірталас туындап, келіссөз нәтижесіз аяқталған болатын. Осыдан кейін Украина делегациясы Ақ үйден кетті, ал Трамп бірлескен баспасөз мәслихатын өткізу жоспарынан бас тартты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер