Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында атыс болып, оның видеосы әлеуметтік желілерге тарап кетті.
Lada.kz хабарлауынша аталған дерек бойынша жедел іздестіру шаралары жүзеге асып жатыр. Әзірге Жаңаөзендегі ауруханаға жарақатпен түскен адам болмаған.
Видеодан екі жас жігіттің көлікке асығыс отырып, шұғыл жүріп кеткенін көруге болады. Куәгерлер оқиға орнында тағы да балалардың (жігіттердің - ред) болғанын, мылтық атылғанын, жерде қан жатқанын (қан ізі қарайып тұр - ред) айтады.
"Адырна" ұлттық порталы