Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің Астанада аукционға шығарылған зәулім үйі 1,8 млрд теңгеге өтпей қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Үйдің бастапқы бағасы: 1 883 338 958 теңге болды. Кепілдік жарнасы: 117 960 000 теңге болған. Алайда аукцион өткен сәтте бірде-бір адам үйді алуға ниет білдіріп, өтініш қалдырмаған.
Зәулім үй Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан. Ал аукционға осыдан 15 күн бұрын қойылған.
- Сауда нөмірі: 338261
- Нысан: Жертөлесі бар тұрғын үй
- Бастапқы бағасы: 1 883 338 958,00 теңге
- Кепілдік жарна: 117 960 000,00 теңге
- Формат: Бағаны көтеру аукционы
“Сауда басталатын күн мен уақыт: 2025 жылғы 25 ақпан, сағат 10:00”, делінген.
Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін ұсталды. Қылмыстық іс бойынша сот жабық өтті. Сот үкімімен Мәсімов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.