АҚШ-тың Украинаға жіберген өкілі баспасөз жиналысын өткізбейтін болды

1026
Adyrna.kz Telegram
Фото: flickr.com
Фото: flickr.com

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы елшісі Кит Келлоггтің Киевке сапары аяқталғаннан кейін өтеді деп жоспарланған конференциясы өтпейтін болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл шешім америкалық тараптың бастамасымен қабылданған. Ақпаратты Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров растады.

Кит Келлогг Киевке Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскийді “диктатор” деп атап, елде президенттік сайлау өткізуді талап еткенінен кейін келген болатын.

“Мен Украинаны жақсы көремін, бірақ Зеленский өте нашар жұмыс істеді. Оның елі қирап жатыр, миллиондаған адам қажетсіз қаза тапты. Зеленский тезірек әрекет етпесе, оның елі қирап жатыр, миллиондаған адам қажетсіз қаза тапты. Егер ол тез әрекет етпесе, елінен айырылуы мүмкін”, – деп жазды.

Бұған дейін АҚШ президенті брифингте Владимир Зеленскийдің халық арасындағы рейтингі 4%-дан аспайтынын айтқан. Ал Украина басшысы бұған жауап ретінде Трамптың “дезинформациялық кеңістікте өмір сүріп жатқанын” мәлімдеді.

Айта кетейік, Украинада президенттік сайлау 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында өтуі тиіс еді. Алайда елдегі әскери жағдайға байланысты сайлау кейінге шегерілді. Конституция бойынша, соғыс жағдайында дауыс беру өткізуге тыйым салынған.

Өз кезегінде Кремль бұл жағдайды пайдаланып, Владимир Зеленскийді “заңсыз президент” ретінде көрсетуге тырысқан.

Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеген Украина президенті сайлау өткізу мәселесін талқылауға дайын екенін, алайда украин халқы соғыс жағдайының алынуына қарсы екенін айтты.

“Мен елдің аман қалуына басымдық беріп отырмын. Президенттік мерзімімнің басынан бері осы мақсатта жұмыс істеп келемін”, – деді Зеленский.

Бұл жағдайға байланысты Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Германия канцлері Олаф Шольц Зеленскийге қолдау білдірді. Олар Украинаның қазіргі басшысы демократиялық жолмен сайланғанын атап өтті. Келесі аптада Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон Ақ үйге барып, Украинадағы жағдайды талқылайды деп күтілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер