Ресей Қазақстанды газдандыру үшін құбыр салады

1135
Adyrna.kz Telegram
Фото: spb-tr.gazprom.ru
Фото: spb-tr.gazprom.ru

Ресей Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру үшін жаңа магистральдық газ құбырын салатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Ресей Федерациясының үкіметі газ құбырын елдің аумақтық жоспарлау схемасына енгізді. Жаңа құбыр Тюмень облысының елді мекендері арқылы өтіп, Қазақстанға газ жеткізеді. Жоспарға сәйкес, құбырдың жалпы қуаты жылына 10 миллиард текше метр газды құрайды, ал компрессорлық станциялардың қуаты 50 МВт болады.

2024 жылдың желтоқсан айының соңында Ресей вице-премьері Александр Новак Ресейден Қазақстан арқылы Қытайға магистральдық газ құбырын салу жобасы іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл құбырдың жылдық қуаттылығы 45 миллиард текше метрді құрайды. Оның 10 миллиард текше метрі Қазақстанды газбен қамтуға жұмсалса, қалған 35 миллиард текше метрі Қытайға экспортталады деп жоспарланған.

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде бұл жобаның екі ел үшін де тиімді екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ жеткізу көлемін арттыру жоспарлары бар екенін жеткізді.

2022 жылы Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекеттерінен кейін Газпром Еуропа нарығындағы шығындарын өтеу мақсатында Азияға, оның ішінде Қытайға газ жеткізуді ұлғайтуға мәжбүр болды. Дегенмен, Қытай тарапынан сұраныстың артуына қарамастан, ресейлік газдың Еуропадағы шығындары әлі де толық өтелмеген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер