Қытай тәттісінен соң. Ақтөбеде 23 оқушы уланып қалды

1009
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында бастауыш сыныптың 23 оқушы уланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаға ұстатарлық жағдай 18 ақпан күні Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында орналасқан Қобыланды батыр атындағы мектепте болған. Онда 4-сыныптың 23 оқушысы бірінен соң бірі құсып, басы айналып, өздерін нашар сезінген. Артынша оқушылар түгелдей ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, сол сыныптың  оқушылары қытайша жазуы бар тәттіні әкеліп бөліп жеген.

«Сол жерде жеті оқушының басы айналып, лоқсыр, бөртпе пайда болған. Сыныптың басқа балалары иістен өздерін жайсыз сезінген. Барлық бала бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары жақсы» ,– деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов.

Қазір Қобда аудандық ауруханасында 9 оқушы емделіп жатыр. Олар тағы бір күн дәрігердің бақылауында болады.

«Кеше 23 баланы аудандық ауруханаға әкелді. Қытайдан шыққан белгісіз тәттіні жеті бала жеген, қалған балаларға иісі реакция берген. Бүгін таңертең облыс орталығынан педиатр барып тексерді. Тоғыз бала бүгінше бақылауда болады. Қалған оқушылар үйлеріне жіберілді», - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, барлық материалдар полицияға жолданған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Раскрыт способ в 55 лет выглядеть на 25! Морщины уйдут если...
Пікірлер