125 тұлға туралы «Қазақстан Ұлттық пантеонының» тұсаукесері өтті

1373
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

19 ақпанда Астанада қазақ тарихындағы 125 тұлға жайлы сыр шертетін «Қазақстан Ұлттық пантеоны» атты тарихи-танымдық кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Qazaqstan-ға сілтеп.

Жоба «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының бастамасымен жүзеге асқан. Кітап былтыр атап өтілген қазақ мұнайының 125 жылдығына орай шығарылды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі бұл еңбектің атауына ерекше мән берілгенін айтты.

“Бұл кітапқа «пантеон» деген атау берудің бір себебі – мұнда бақилық болған тұлғалар қамтылған. Сонымен қатар, бұл еңбекті оқу арқылы тарихымызды тереңірек танып, тағылым аламыз. Сондықтан, бұл символикалық мәні зор атау”, - деді ол өз сөзінде.

Кітапта тарихи тұлғалардың өмірбаяны, еңбектері және олардың қоғамға қосқан үлесі нақты деректермен баяндалған. Басылым қазақ және орыс тілдерінде 2 000 данамен жарық көрді. Кітап сый ретінде таратылып, жоғары оқу орындарының кітапханаларына тегін берілмек.

Ардагер Зейнолла Алшынбаев:

“Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Әл-Фараби, Абай, Ыбырай Алтынсарин сынды қазақтың дара тұлғаларының өмір жолын бір жинаққа топтастыру – құнды әрі қажет жоба. Олардың еңбектері мен тағылымын келер ұрпаққа жеткізу өте маңызды”, - деп сұхбат берді.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, «Қазақстан Ұлттық пантеоны» кітабы тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныстырып қана қоймай, олардың өнегесі мен өсиетін дәріптеуді көздейді.

Пікірлер