Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың президенті Дональд Трамппен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бірақ мұндай кездесу алдын ала дайындықты қажет ететінін атап өткен.
“Мен Дональд Трамппен қуана-қуана кездесемін. Біз көптен бері көріспедік. Бізде жақын қарым-қатынас жоқ, бірақ ол президент болған төрт жыл ішінде бірнеше рет кездесіп, мемлекетаралық қарым-қатынасымызды ашық әрі жан-жақты талқыладық. Бүгін де онымен кездесуге дайынмын. Менің ойымша, ол да қарсы емес,” – деді Путин.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп пен Путин Украина мәселесін талқылау үшін Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы кездесуі 2018 жылы 16 шілдеде Хельсинкиде өтті. Сол уақыттан бері олар жеке кездесу өткізген жоқ.
Алайда 2025 жылы 12 ақпанда олар телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында Украинадағы жағдайды қоса алғанда, түрлі мәселелерді талқылады.