17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны “Кропоткинская” мұнай айдау стансасы жеті ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) шабуылына ұшырады. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны “Кропоткинская” мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасады. Террористік соққы жеті ұшқышсыз ұшу аппаратымен жасалды, оларда жарылғыш заттармен қатар металлдан жасалған зақымдаушы элементтер болды. Шабуыл уақыт бойынша аралықпен жасалып, объектінің жұмысын бұзу ғана емес, станцияның қызметкерлері арасында құрбандықтарға әкелу мақсатында ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.
Қызметкерлер арасында зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің әрекеті арқасында мұнайдың төгілуі алдын алынды.
Зардапты бағалау және станцияның жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру шараларын қабылдау үшін компания басшылары, оның ішінде бас директор Николай Горбань жетекшілік ететін топ оқиға орнына аттанды. Қазіргі уақытта “Кропоткинская” мұнай айдау стансасы істен шығарылды, мұнай айдау режимдері төмендетілген Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау стансасын айналып өтуде.
«Кавказ өңіріндегі Краснодар өлкесінде орналасқан «Кропоткинская» мұнай айдау стансасы КТК-ның Ресей аумағындағы ең ірі мұнай тасымалдау станциясы. Халықаралық консорциумның барлық акционерлері, оның ішінде АҚШ және Еуропа елдерінен келген компания өкілдері ұшқышсыз ұшақпен азаматтық нысанға жасалған террористік шабуыл және оның нәтижелері туралы хабардар етілді», — деп атап өтті КТК басшылығы.