Ақтаудағы апаттан кейін Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық дүрдараздық, саяси кикілжің басталды. Бұл Ресейдің Солтүстік Кавказдағы ықпалынан айрыла бастағанын көрсетеді деп пайымдайды сарапшылар.
Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіс барысында Баку өз ұстанымын күшейтуде.
Әзірбайжан билігі Кремльді қолдайтын «Sputnik Әзірбайжан» басылымының қызметкерлерін қысқартатынын жариялады. «Настоящее время» телеарнасы Әзірбайжандық басылымдарға сілтеме жасап, бұрын 40 қызметкері болған редакцияда енді тек бір адам ғана қалатынын хабарлады.
Тәуелсіз бақылаушылардың пікірінше, жақын арада Sputnik агенттігінің филиалы толықтай жабылуы мүмкін.
Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас AzAl әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін біртіндеп нашарлай бастады. Бұл оқиғада 38 адам қаза тапқан. Әзірбайжан билігі трагедияға Ресей жауапты деп есептеп, ресми түрде кешірім сұрауды және зардап шеккендерге өтемақы төлеуді талап етті. Путин ұзаққа созылған үнсіздіктен кейін қайғылы оқиға Ресей әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрағанымен, ұшақтың Ресейдің әуе қорғаныс күштері тарапынан атылғанын мойындаған жоқ. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мұндай ұстанымға наразылығын білдірді.
Әрі қарай шиеленіс күшейе түсті. Жуырда Баку Мәскеуге Әзірбайжан аумағында Ресей ынтымақтастығының ақпараттық-мәдени орталығы – Орыс үйінің жұмысын тоқтату туралы хабарлама жіберді. Бұған дейін Baku.tv телеарнасында Ресей орталығының қызметі туралы репортаж көрсетіліп, оның қызметкерлері достыққа жат саясат жүргізді және тыңшылықпен айналысты деп айыпталған еді. Ресей ынтымақтастығының басшысы Евгений Примаков бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Осы уақытта Ресейдің бірқатар ресми және бейресми тұлғалары елдегі саны айтарлықтай көп әзербайжан диаспорасына қатысты жауапты шаралар қабылдауды ұсынды. Бұған жауап ретінде Баку Ресей мемлекеттік думасының депутаты, кәсіпқойлар арасындағы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Николай Валуевтің Әзербайжанға кіруіне тыйым салды. Әлеуметтік желілерде енді келесі қадамды кім жасайды деген сұрақ қызу талқылануда.
Ең алдымен, Ильхам Әлиевтің осындай әрекеттері арқылы аймақтық деңгейден де жоғары дәрежедегі лидер ретінде өзін бекітіп жатқанын байқауға болады, деп санайды «Азаттық радиосы» және «Эхо Кавказа» басылымдарының журналисі Вадим Дубнов. Оның айтуынша, Әзербайжан президенті өз қолына жеңіске жеткізетін мықты комбинацияны жинап, осындай көшбасшылыққа үміткер болуға мүмкіндік алды.
«Егер ол Мәскеумен осылай сөйлесетін болса, онда Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа мемлекет басшыларына қандай жағдайға дайын болуы керек екендігі түсінікті. Бұған дейін Әзербайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста көптеген екіұшты мәселелер жиналып қалған. Орыс үйінің жабылу оқиғасы да осыны дәлелдейді. Бұл – Мәскеудің Әзербайжандағы ықпалының символдарын жоюға бағытталған қадам», - деп атап өтті ол «Америка дауысы» радиосының орыс қызметіне берген пікірінде.
Вадим Дубновтың пікірінше Кремль үшін жағдайдың бұлай өрбуі аса ауыр соққы.
«Ресейдің Әзербайжанда символикалық әсерінен басқа аса көп тетігі қалған жоқ. Бұл – әлсіз тұсқа жасалған соққы. Яғни, «бірлік пен ортақ тағдыр» туралы мифке соққы. Осы қатарға Бакуде ашылған «тыңшылық дауысын» да жатқызуға болады. Оған Әзербайжанның ең танымал адамдары қатысқан деп айтылады. Бірақ менің ойымша, оларды түрмеге жабады немесе өлім жазасына кесуді талап етеді. Мұнда жалпы жағдайдың өзгеруі байқалады», - деді ол.
Журналистің айтуынша, 1990 жылдың 20 қаңтарында Бакуде орын алған қайғылы оқиғалардан бері Әзербайжандағы саяси ахуал әрқашан Кремльге қарсы сипатта болған.
«Қарабақтағы қақтығыс та бұл шиеленісті күшейте түсті. Әзербайжан қоғамында Мәскеу армяндарға көмектесті деген пікір қалыптасты. Бірақ шын мәнінде бұл олай емес. Дегенмен, сол уақытта да ешкім Ресейді жау ретінде қабылдауды талап еткен жоқ. Тіпті кіші Әлиев өзінің элитасын қалыптастыра бастаған кезде Мәскеумен тығыз байланыста болды. Ол әкесіндей саяси тілде емес, белгілі бір өзара тиімді қарым-қатынас аясында сөйлесті. Ал консервативті болып қалған Әзербайжан мемлекетінің өз ішінде ешкім Ресейді жек көруді талап еткен емес» - деді Вадим Дубнов.
Еске салайық, 1990 жылғы 20 қаңтарда Бакуде бейбіт демонстрацияны тарату кезінде Кеңес әскері жүзден астам адамды өлтірді. Әзербайжан астанасында қайғылы оқиғаның құрбандарын жерлеуге бүкіл қала халқы дерлік жиналды. Қаза тапқандар республика тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар ретінде жерленді. Кейін бұл саябақ «шейіттер аллеясы» деп аталды.
Әзербайжаннның қазріргі көшбасшысы Ильхам Әлиевтің әкесі – Гайдар Әлиев, сол кезде КОКП Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі болған және кейіннен Әзербайжан президенті атанған. Ол сол кезде Мәскеуде арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, Бакудегі әскери әрекеттерді айыптап, Михаил Горбачевты Конституцияны бұзды деп кінәлады.
Әлиев қалыптасқан екіұштылықтан қатты қажығандай көрінеді, деп пайымдайды Вадим Дубнов.
«Енді, міне, бәрі өз орнына келді. Мәскеу ресми түрде жау деп жарияланды. Енді екіұштылыққа нүкте қойылды. Бірақ бұл саяси тұрғыдан алғанда ештеңе білдірмейді. Мұнда қызықты бір жайт бар. Мысалы, сайтта жарияланған «тыңшыларды» әшкерелейтін мақала орыс тіліне аударылмаған. Менің ойымша, бұл – Мәскеуді тағы бір рет ашуландырмауға деген талпыныстың белгісі. Сондықтан ұшаққа қатысты дау да ұзаққа созыла қоймайды. Себебі символдардан бөлек нақты істер бар. Ал олар күтуге арналмаған» - деді ол.
Журналистің пікірінше, жақында Әлиев пен Путин қажетті сөздерін айтып, жағдайды өз деңгейінде реттейді. «Олар ұзақ уақыт бойы араздаспайды» - деп түйіндеді Дубнов.
Бакудің Мәскеуге қатысты жасаған наразылық әрекеттерін бірқатар себептермен түсіндіруге болады дейді халықаралық шолушы Иван Преображенский (Прага). Оның пікірінше, бұл жерде Ильхам Әлиевтің жеке амбициялары да маңызды рөл атқарады.
«Әлиевтің ашулануы түсінікті. Өйткені Путин Әзербайжан көшбасшысының жолаушылар ұшағы апатына қатысты талаптарын ғана емес, тілектерін де орындамай отыр. Әлиев өз азаматтарының алдында әлсіз болып көрінгісі келмейді. Себебі бұл оқиға ел ішінде өте ауыр қабылданады. Ол өз елінің мүддесін қорғайтын берік лидер екенін көрсетуі керек. Әзербайжан – қатаң ұлтшылдық сипаттағы мемлекет. Жақында ғана Таулы Қарабақта іс жүзінде этникалық тазарту жүргізді. Осы тұрғыдан алғанда, мұндай мәселелердің Баку үшін қаншалықты маңызды екені айқын» – деді ол «Америка дауысы» басылымына берген сұхбатында.
Иван Преображенский Әзербайжан басшысы болашақта Ресеймен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру қажет болғанда, өзін дұрыс ұстанымда тұрған тарап ретінде көрсету мүмкіндігін де ойлайды деп болжады.
«Мәскеудің Бакумен талқылағысы келетін бірнеше маңызды мәселесі бар. Мысалы, Әзербайжан газының Ресей арқылы Еуропаға тасымалы. Ресей осы мүмкіндік арқылы өз газын да экспорттауды көздейді. Путин бұл мәселені Әзербайжанға сапары кезінде көтергенімен, қазір келіссөздер тоқтап қалған. Сондай-ақ, Армениямен шекаралас Зангезур дәлізі мәселесі бар. Ресей бұл аймақта өз мүдделерінің ескерілуін қалайды. Сондықтан бұл жерде де сауда жүріп жатыр. Осы жағдайларды ескере отырып, AzAl ұшағының апаты Кремльге қысым жасау құралы деп те күтуге болар», – дейді сарапшы.
Иван Преображенскийдің айтуынша, бұл – президент Ильхам Әлиевтің өз бетінше, тәуелсіз саясат жүргізіп отырғанының көрінісі.
«Оны Түркия қолдап отыр. Сондықтан оған Кремльдің түсініксіз саясаты аса маңызды емес. Әсіресе, Баку Таулы Қарабақты толық бақылауына алғаннан кейін. Еске салсақ, екінші Қарабақ соғысына дейін Әзербайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өте шиеленісті болған. Олар тек соңғы уақытта ғана жақындасты (кең ауқымды Украинаға басып кіру кезінде Путин мен Әлиев Мәскеуде екі ел арасындағы одақтастық туралы декларацияға қол қойған болатын). Ендігіде Әзербайжан басшысы бұрынғы ұстанымына қайта оралуы мүмкін. Қазір оның Путинмен достықты сақтап қалу үшін қандай да бір құрбандыққа баруға ешқандай себебі жоқ», - деп түйіндеді сарапшы.
Оның пікірінше Ресей Оңтүстік Кавказдағы ықпалынан да айырыла бастаған.
«Қазір бұл аймақта Мәскеудің әсері әлсіреген. Ал бұрынғы беделіне сүйеніп әрекет ету енді нәтиже бермейді» – деп қорытындылады Преображенский.