"Челсиге" ауысқан Сәтбаевтың жалақысы жарияланды. Көп бөлігі ата-анасына түседі

4404
Adyrna.kz Telegram
Фото: “Қайрат” ФК
Фото: “Қайрат” ФК

Алматылық футболшы Дастан Сәтбаевтың ағылшындық "Челси" клубына ауысқаннан кейін алатын жалақысы жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Sportarena.kz мәліметі бойынша, жас шабуылшыға ай сайын 14 мың фунт, шамамен 9 миллион теңге төленетін болады. Алайда, спортшы бұл ақшаны бірден жұмсай алмайды.

Жалақының үлкен бөлігі оның ата-анасына аударылады. Атап айтқанда, 12 мың фунт ата-анасының есепшотына жіберіледі. Ал қаражат тек Дастан 22 жасқа толған кезде ашылады.

Сәтбаевтың "Челси" клубымен бес жылдық келісімшарты бар. Сондай-ақ тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өткен аптада алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы Еуропаның танымал футбол клубына ауысқаны туралы ресми ақпарат жарияланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер