«Қазақстанда 1 тонна мұнай өндірілсе, 1 доллары халық игілігіне жұмсалсын»

1119
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Депутат Әділ Жұбанов елде өндірілген мұнайдың әрбір тоннасынан 1 долларды халық жағдайын жақсартуға жұмсауды ұсынды. Бұл туралы ол Парламенттегі отырыста әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінетін қаражатты талқылау кезінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

13 ақпанда мәжілісте «Теңізшевройл» компаниясының қазақстандық үлесін дамыту мәселелері талқыланған. Онда Атырау облысынан сайланған депутат Әділ Жұбанов «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы бюджетін ұлғайтуды ұсынды.

«25 млн тонна мұнай өндірілді – 25 млн доллар бөлінді. Өндірісті кеңейту арқылы жылына 40 млн тонна мұнай өндірілсе, әлеуметтік бағдарлама бюджеті 40 млн долларға дейін ұлғайсын», – дейді Атырау облысынан парламентке сайланған депутат Әділ Жұбанов.

Ол Қазақстанда өндірілген мұнайдың әрбір тоннасынан 1 доллар жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бөлінгенін қалайды.

«Теңізшевройл» компаниясының басшысы әлеуметтік бюджетті ұлғайту мәселесін акционерлер деңгейінде талқылау қажет еткенін айтқан. Себебі «Игілікті» мұнай өндіруші компания өз еркімен ашқан және қаражатты жеке есебінен аударып отыр.

Қазақстан заңнамасы мұнай өңдеуші компаниялар табыстың 1 пайызын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсап отыруға міндетті. Бірақ мұндай талаптан «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» және NCOC босатылған.

Energy Monitor телеграм-арнасы мұнай өндіруші компанияның әлеуметтік бағдарламасына назар аударған еді.

«Теңізшевройл» «Игілік» әлеуметтік бағдарламасының бюджетін 25 млн долларға ұлғайтқан. Телеграм жазбасы бойынша, заң талабын ТШО-ға қойса, жылда әлеуметке кемі 50 млн доллар аударар еді.

«ҚПО» кәлеуметтік жобаларға жыл сайын 70 млн доллардан астам қаражат бөліп отыр.

Ал «Теңізшевройл» 2024 жылы 27,8 млн тонна шикі мұнай өндіріп, 1,2 млн тонна сұйытылған газ сатқан. Компания алдағы жылдары өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр.

«Теңізшевройл» 1993 жылы Қазақстан үкіметі мен америкалық Chevron компаниясы арасындағы 40 жылдық келісім-шарт негізінде құрылған. Бірлескен компания 1998 жылы «Игілік» бағдарламасын ашып, бюджетін 25 млн долларға дейін ұлғайтқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер