“Сақадай-саймыз деп айтуға әлі ерте”. Премьер-министр су тасқынына байланысты кеңес өткізді

1113
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов су тасқыны қаупіне байланысты республикалық кеңес өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Кеңеске экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері қатысты. Жиында биылғы көктемде су тасқыны қаупінің жоғары екені айтылып, оған дайындық шаралары талқыланды.

“Қазгидромет” РМК-ның алдын ала болжамына сәйкес, ақпан айында ауа райының жылы болуына байланысты мұз қату қаупі бар. Ал наурызда жауын-шашын мөлшерінің артуы және температураның жоғарылауы су тасқыны қаупін күшейтеді.

Экология және су ресурстары министрлігінің деректері бойынша, ылғал мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының батыс бөліктерінде, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының тау бөктерінде нормадан жоғары.

"Қазір су тасқыны кезеңіне сақадай-саймыз деп айтуға әлі ерте. Осы күнге дейін тиісті шешімдер қабылданбаған бірқатар мәселе бар. Бұл әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарға қатысты. Қазір, ең алдымен, елді мекендердің су тасқынына нақты дайындық деңгейін тексеру керек. Әрбір елді мекенге барып, қалыптасқан жағдайды жан-жақты саралап, тиісті шаралар қабылдайтын өңірлік комиссиялар құруды тапсырамын. Барлық әкім тікелей жауап береді. Сондықтан жұмысты жандандырып, су тасқынына қарсы белгіленген шараларды нақты іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, бүгінде су тасқыны қаупі бар аймақта 1 223 елді мекен орналасқан.

Премьер-министр жағдайдың күрделілігін атап өтіп, барлық жауапты органдарға тасқынның алдын алу үшін тиісті шараларды күшейтуді тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер