Қазақстанның өтінішінен соң. TikTok «Йоу, орыстар» әнін өшірді

1155
Adyrna.kz Telegram
Фото: culture.ru
Фото: culture.ru

TikTok платформасы Қазақстан билігінің өтінішінен кейін «Йоу, орыстар» әнін өшірді. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ТАСС агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрлік әнді өшіру туралы сұранысты бірнеше интернет-ресурс пен онлайн-платформа әкімшілігіне жіберген. 2025 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша TikTok бұл өтінішті орындап, заңға қайшы деп танылған контентті платформасынан алып тастады.

Кочетовтың айтуынша, бұл ән және оның үзінділері 22 шетелдік интернет-ресурста анықталған.

Барлық анықталған материал бойынша платформаларға заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілген.

ҚР Бас прокуратурасы 29 қаңтарда әннің авторы әлі анықталмағанын мәлімдеді. Әлеуметтік желіде жарияланған трекке байланысты Темірлан Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша іс қозғалды.

Алматы полициясы бұған дейін QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қозғалған істің оның басқа жазбаларына қатысы жоқ екенін айтқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер