Әзербайжан кәсіпкері ұшақ апаты құрбандарының туысына Алматыдан пәтер алып берді

1380
Adyrna.kz Telegram
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

7 ақпан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза болғандарды еске алу шарасы өтті. Бұл іс-шараны Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулеь Қилыбай, Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байель, Азербайжанның Қазақстандағы Елшісі Агалар Атамогланов, Азербайжанның Ақтаудағы  бас консулы Айхан Сулейманлы, қаза тапқан қазақстандықтардың туыстары, азербайжан диаспорасының өкілдері, құтқару жұмыстарына қатысқан мекемелердің өкілдері және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты. Іс-шараның басында Құраннан аяттар оқылды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәйулет Қилыбай қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен апаттың салдарын жою және себептерін анықтау, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті. Қазақстанның уәкілетті органдары, оның ішінде Маңғыстау облысының әкімдігі трагедия күндері барлық қажетті шараларды қабылдады. Қилыбай құтқарушыларға, дәрігерлерге және жаны ашыған барлық қазақстандықтарға тағы да алғыс айтты.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байель бүгінгі таңда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастар шын мәнінде одақтастық сипат алғанын атап өтті. Ол Қазақстан мен Әзербайжанның Каспий теңізінің шығыс және батыс жағалауларында орналасқанын және түркі әлемінде маңызды ойыншылар болып табылатынын, сондай-ақ Еуразиялық көлік-логистика архитектурасының негізгі буындары екенін атап өтті.

Байель Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің сөздерін еске алды, онда ол екі ел арасындағы достық пен бауырластықтың трагедиядан кейін нығайғанын айтқан болатын. Осы контексте ол Қазақстан тарапына Әзербайжандық кәсіпкер Әмиль Юсифовтың қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету туралы ұсынысын ризашылықпен қабылдағанын айтты. Өз кезегінде әзербайжандық кәсіпкер Қазақстанда табысты бизнес жүргізіп, бауырлас халыққа көмек көрсету өз міндеті деп атап өтті.

Шара барысында Әмиль Юсифов қаза болған қазақстандықтардың туыстарына Алматы қаласындағы жаңа тұрғын үй кешенінен 5 екі бөлмелі пәтердің кілттерін тапсырды. Пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Сонымен қатар, меценат Маңғыстау облысы ТЖ департаментіне, Ақтау қаласының ауруханасы мен жедел жәрдем станциясына үш жаңа көлік сыйлады.

Қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсеткен мекемелердің қызметкерлері әзербайжандық кәсіпкерге алғыс айтты. Облыс әкімі Маңғыстау облысы жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, бұл іс-шараның қазақ-азербайжан достығының тағы бір үлгісі болғанын ерекше атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер