Көк құжаттың құны өсті. Елімізде төлқұжатты кімдер тегін алады?

1066
Adyrna.kz Telegram
Фото: exclusive.kz
Фото: exclusive.kz

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Халықты құжаттандыру басқармасы мемлекеттік құжатты алу үшін баж салығын төлемейтін азаматтар санатын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазИнформға сілтеп.

Салық кодексінің 622-бабына сәйкес:

  • ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар
  • Кеңес одағының батырлары
  • Социалистік еңбек ерлері
  • Мүгедектігі бар азаматтар (барлық топ)
  •  Бала кезінен мүгедек болған азаматтың ата-анасының бірі
  • Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар
  • Жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
  • «Батыр Ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иелері
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға төлқұжат тегін беріледі.

"Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 30 наурызда бекітілген 267 бұйрығы бар. Сонда толығымен жазылған. Мүгедектігі бар бала болса, ол өзі тұратын өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталығына барады. Тиісінше баланың туу туралы куәлігін ата-аналарының біреуі көрсете отырып, арыз жазады. Ал Чернобыль апатынан зардап шеккен, ҰОС қатысқан азаматтар арнайы куәліктерін көрсетіп, тегін ала алады", - делінген материалда.

Төлқұжат өтініш қабылданғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Алайда мұндай азаматтар құжатты жедел алғысы келсе, ақы төлеуі керек.

Өзге қазақстандықтар мемлекеттік төлқұжатты алу үшін белгіленген баж салығын төлеуі керек. 2025 жылғы АЕК бойынша 36 беттік төлқұжат 31 456 теңге, 48 бет 47 184 теңге тұрады.

Пікірлер