Түркия билігі 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салмақ

1494
Adyrna.kz Telegram
Фото: culture.ru
Фото: culture.ru

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға толықтай тыйым салу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN TÜRK арнасына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, балалар – ең осал топ, сондықтан олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Түркия билігі 2024 жылы осыған байланысты жаңа заң қабылдауды жоспарлап отыр.

"Әрине, біз балаларға пайдалы ойын ойнауға кедергі жасағымыз келмейді. Бірақ 16 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерде аккаунт аша алмайтын болады. Кейбір елдерде мұндай платформалар ата-ананың рұқсатымен қолжетімді. Біз бұл тәсілді де қолдамаймыз. Біздің мақсатымыз – 16 жасқа дейінгі балалардың мүлде әлеуметтік желі қолданбауын қамтамасыз ету", – деді Абдулкадир Уралоғлу.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер