Елімізде бірнеше елді мекенді су басу қаупі бар. ТЖМ дайындығын баяндады

1042
Adyrna.kz Telegram

Биыл Қазақстандағы 1223 елді мекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов хабарлады.

Министрлік жергілікті билік өкілдерімен және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, инфрақұрылымды тасқын суға дайындау шараларын жүргізуде.

Ол Үкімет сағатында:

"Қазіргі таңда республика бойынша 1223 елді мекенді су басу қаупі бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, инфрақұрылымды тасқынға дайындау жұмыстарын атқаруда", – деді министр.

— 576 шақырым қорғаныс бөгеттері мен дамбалар салынып, нығайтылуда;

— 164 шақырым дренаж жүйесі жаңартылып, жөндеуден өткізілуде;

— жолдардың астына 960 су өткізу құрылғысы орнатылып, ауыстырылуда;

— 658 шақырым каналдар мен арықтар тазартылуда;

— 74 өзенде 300 шақырымға жуық арнаны тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде;

— қалалар мен ауылдарда нөсер және дренаж жүйелері салынып, жөнделіп жасалуда.

Республикалық және өңірлік бағдарламалар аясында келесі алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайтып, елді мекендерді табиғи апаттан қорғауға көмектеседі", – деп мәлімдеді Әрінов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер