Павлодар қаласында Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде зейнеткерге шабуыл жасалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бейтаныс ер адаммен кездескен. Екеуі бірге лифтіге кіргеннен кейін, күдікті бірнеше секунд ішінде зейнеткердің қолындағы пакетті тартып алып, қашып кеткен. Пакетте 190 мың теңге көлемінде ақша болған. Жәбірленуші дереу полицияға хабарласты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.