Абылай Мырзахметовтің жазасын жеңілдету туралы өтініші қабылданбады

1114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/00c08bf9-d117-47f5-a50e-62ed424d270f-960x500.jpeg?token=5ec1f144427258a0e53fd8483520be5d
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жазасын жеңілдету үшін Павлодар қаласы №2 сотына өтініш берген. Алайда сот оның жазасын жеңілдетуден бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.   28 қаңтарда Павлодар қаласының №2 соты Мырзахметовтің жазасын өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл, яғни бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады. Сот оған қатысты барлық мәліметтерді зерттеп, қатысушылардың пікірлерін тыңдаған. Егер сотталушының мінез-құлқында оң өзгерістер болса, Қылмыстық кодекске сәйкес,  жазаны жеңілдету қарастырылған. Алайда, Абылай Мырзахметовтың мінез-құлқындаөзгерістер жоқ болғандықтан, өтініш қанағаттандырылмаған. Осылайша, оның өтелмеген жазасы жеңілдетілмеді. Айта кету керек, Абылай Мырзахметов 2023 жылы 10 мамырда ұсталған болатын. Ол 13,9 миллиард теңге жымқырды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер