7 қаңтарда Жандос Қаржаубайдың алғашқы жеке концерті өтеді

2465
Adyrna.kz Telegram

Көпшілікке «Көзмоншағым», «Уақыт», «Көктемде үйленем», «Ақмаралым» және өзге әндерімен танылған жас әнші Жандос Қаржаубай алғаш рет өз тыңдармандарын ән кешімен қуантады. Жас таланттың алғашқы концерті 7 ақпан күні сағат 19:30-да Республика сарайында өтеді. 

Өнер жолында тек хит әндердің орындаушысы ғана емес, авторы болып үлгерген Жандостың туындыларын қазақ эстрадасының бірқатар азаматтары орындап жүр. Қуандық Рахымның репертуарындағы «Жан досыма», «Алматы», Кеңес Әлімжан танылған «Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?», Әбдіжаппар Әліқожаның «Келесі кездесу», «Хақың бар өмір сүруге» әндерінің сазгері. Мерекелік кеште жас та болса, өнерімен баураған Жандостың өмірдегі де өнердегі де ағалары мен әріптестері өнер көрсетеді. Олардың қатарында, Әбдіжаппар Әлқожа, Қуандық Рахым, Жұпар Садақбаева және өзге де эстрада өкілдері ән шырқайды.

Концертте Жандос Қаржаубайдың алғашқы шығармашылық жолынан бастап, бүгінгі күнге дейін тыңдарманның көңілінен орын тапқан үздік әндері орындалады. Жүректі тербеп, жаныңызды емдейтін әдемі кеште ырғақты әуендерге билеп, жан тебірентер ойлы әндерге бірге сыр шертейік!

Билеттерді Тикетон сайтынан ала аласыздар.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер