Елді су басқан кезде. Әнші туған күні жайлы жариялады

4229
Adyrna.kz Telegram

Танымал әнші өзінің туған күнін Германияда атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Massaget.kz-ке сілтеп.

Қарақат Әбілдина 7 сәуір күні 46 жасқа толды. Ол туған күнін Германияның Франкфурт қаласында отбасылық достарымен атап өткенін желідегі парақшасында жариялады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Франкфурт қаласындағы ормандардың бірінде достарымен бірге серуендеп келгенін көрсетті.

"Құрметті оқырмандарым, ағайын-туыс, дос-жаран, баршаңыздың бүгінгі менің жеке меншік мерекеме, туған күніме арнап жатқан құттықтауларыңыз, жақсы тілектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Көп-көп рақмет! Осы жаққа келгелі жауынды-шашынды ауа райы, мінекей, 6 сәуір ауа райы ән салып тұр. Балаларым қасымда болмады демесем, қалғанының бәрі жақсы. Қыдекең мен достарымыз Франкфурттағы әдемі ормандардың біріне алып келді. Табиғат, таза ауа. Ең бастысы, еліміз аман болсыншы. Жерімізге тыныштық тілеймін, - деді әнші.

Пікірлер