Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

1162
Adyrna.kz Telegram
Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Қазақстандық танымал блогер, продюсер және журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, блогерге әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

"Алматылық тұрғынның әлеуметтік желілерде қорқытулар мен балағат сөздер жариялауына қатысты шағымынан кейін, полиция ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бойынша тергеу жүргізіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот шешімімен күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде 'қамауда ұстау' санкциясы сырттай бекітіліп, оған халықаралық іздеу жарияланды," – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Орманбаева әлеуметтік желілерде қоғамдағы әлеуметтік және саяси мәселелерді көтеріп, өзінің белсенділігімен танымал болған тұлғалардың бірі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер