Нөмірін қардан тазаламаған жүргізушіге салынатын айыппұл қанша?

1447
Adyrna.kz Telegram
Фото: rg.ru
Фото: rg.ru

Қыста автокөлік нөмірін қар жапқан жүргізушілер 20 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Массагетке сілтеп.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, атап айтқанда, оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік жүргізу – айыппұл салуға негіз болады.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 932 теңге болып бекітілген. Осыған байланысты, бес АЕК мөлшерінде айыппұл сомасы 19 660 теңгені құрайды.

Сарапшылардың айтуынша, көлік нөмірлерін қардан, мұздан немесе ластан уақытылы тазалау жүргізушінің жолдағы қауіпсіздігі мен басқа қатысушылар үшін маңызды. Сонымен қатар, көліктің нөмірі оқылмаса, бұл бақылау камералары арқылы жол ережесін қадағалауды қиындатуы мүмкін.

Айта кетейік, көлік иелері заң бұзушылыққа жол бермеу үшін күнделікті көліктерінің техникалық жағдайын, соның ішінде мемлекеттік нөмірдің көрінуін тексеріп отыруы қажет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер